Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

№ 50 куәлік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат - Тасмұханов Бағитқа тиесілі, 1978 жылы берілген №50 партиялық куәлік. Құжат оның Гурьев облысы Қазақстан Компартиясы Ембі аудандық комитетінің мүшесі болып, XXIV аудандық партия конференциясында сайланғанын куәландырады. Қызыл түсті тығыз мұқабалы куәліктің ішкі беттері орыс және қазақ тілдерінде рәсімделген. Құжатта иесінің аты-жөні, қызметтік мәртебесі, фотосуреті, жауапты тұлғаның қолтаңбасы және ресми мөрлер орналасқан. Экспонат кеңестік кезеңдегі партиялық басқару жүйесін, жергілікті партия органдарының құрылымын және ресми құжат жүргізу тәжірибесін сипаттайтын тарихи дерек болып табылады.
Мерзімі: 1978 ж.
Материалы: қағаз, мата (қызыл коленкорлы мұқаба), фотоматериал
Техникасы: типографиялық баспа, қолмен жазу, фотобаспа
Өлшемі: 7,7 × 10,5 см (ашық күйінде)

Мерзімделу кезеңі: 1978
Материал: Қағаз
Техника: Типографиялық баспа
Өлшемі: 7,7 × 10,5 см
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top