Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - 1945 жылғы 15 желтоқсанда Қарабалин Сүлейменге толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы. Құжатта оның туған жері мен жылы, әлеуметтік шығу тегі, білімі, еңбек жолы, тілдерді меңгеруі, отбасылық жағдайы және партиялық мүшелігі туралы мәліметтер қамтылған. Толтыру кезінде ол Қосшағылдағы М.Ю. Лермонтов атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарған. Құжат соңында иесінің жеке қолы қойылған. Экспонат соғыстан кейінгі кезеңдегі кадрлық есеп жүйесін, педагог кадрлардың кәсіби қызметін және кеңестік ресми іс жүргізу тәжірибесін сипаттайтын маңызды тарихи дерек болып табылады.
Мерзімі: 15.12.1945 ж.
Материалы: қағаз
Техникасы: типографиялық баспа, қолмен жазу
Өлшемі: 29 × 20,9 см
Мерзімделу кезеңі:
1945
Материал:
Қағаз
Техника:
Типографиялық баспа
Өлшемі:
29 × 20,9 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)