Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Алаша (дәстүрлі қазақтың тоқылған кілемі)

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«Жүзтеру» алаша - түрлі түске боялған жүн және мақта жіптерден өрмек станогында тоқылатын дәстүрлі төсеніш. Алаша бірнеше тар жолақтарды бір-біріне қабыстырып тігу арқылы жасалады. Бұл бұйым «жүзтеру» әдісімен тоқылған, яғни өрнек желі жіптерін адырғының көмегімен алмастырып, арасына арқау жіпті өткізу арқылы қалыптастырылады.
Алаша ені шамамен 32 см болатын бес бөліктен құралған. Беті қызыл және жасыл түсті «қошқар мүйіз» өрнегімен кезектестіріліп безендірілген. Әр бөлікте ені шамамен 7 см қызыл-сары өрнекті жиектемелер бар. Екі шеті қызыл және сары жіптерден жасалған шашақтармен көмкерілген. Экспонат қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін, әсіресе тоқымашылық өнерін көрсетеді.
Мерзімі: ХХ ғасыр
Материал: Жүн, түрлі-түсті жіптер
Техника: Қолмен тоқу (өрмек), «жүзтеру» әдісі
Өлшем: Ұзындығы - 2,68 м; ені - 1,63 м

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғасыр
Материал: Жүн
Техника: Өрмек тоқу
Өлшемі: 2,68 х 1,63 м
Санат: Этнография
Scroll to Top