М. Мақатаев әдеби-мемориалды музейі
Алматы Облысы, Райымбек ауданы Қарасаз ауылындағы М. Мақатаевтың әдеби мемориалды музейінің ғимараты 1990 жылы 20 сәуірде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен бекітіліп, 1991жылы 24 қыркүйекте Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №544 санды қаулысымен М. Мақатаев әдеби-ескерткіш музейі болып бекітілді.
М. Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейі 1991 жылы ақынның 60 жылдық мерейтойында ашылды. 2011 жылдың 29 шілдесінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерей тойы орай Мақатаевтың әдеби-мемориалды музей экспозициясы жаңа безендіруден өткізіліп, қайта ашылды. 2020 жылы ақынның 90 жылдық мерейтойына орай ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Музейге келген әрбір көрермендерді М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы, еңбек жолы, туындылары, ерекше назар аудартып рухани азық сыйлайтын экспонаттар қойылған. Музейге келуші қонақтар аудан тарихы туралы сонымен қатар ақын атамыздың өмірі мен шығармашылығынан мағұлматтар ала алады. Музейдің негізгі қызметі - Мұқағали өмір сүрген уақыт пен заманды зерттеу, ақын замандастарына байланысты тарихи тың деректер көзін іздестіру, шығармаларын жинастыру, зерттеу, ел аузынан, көнекөз ауыл қарияларынан естеліктер, фотосуреттерді жинау арқылы келешек ұрпаққа уағыздай отырып, мұра етіп қалдыру. М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, жастардың поэзияға деген құштарлықтарын арттыру мақсатында ақынның 2021 жылы 90 жылдық мерейтойы облыс көлемінде жоғары деңгейде аталып өтілді.
Музей 2 қабаттан және 3 залдан тұрады. Музей қорындағы экспонат саны-1280
1 зал Райымбек ауданының тарихынан сыр шертсе,
2 зал ақынның балалық бал дәурен шағы мен отбасы арғы ата тегімен толықтырылған.
3 зал ақынның шығармашылығымен қоса қызметі жайлы сыр шертеді.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың қолжазба дәптері.
М. Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінің аса құнды жәдігерлерінің бірі - ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өз қолымен жазған қолжазба дәптері. Бұл дәптерде 1974 жылы ақынның жүрегінен туған өлеңдері ой-толғаулары сақталған. Әрбір әріп, әрбір жол-шабыт пен сағынышқа, туған жерге деген махаббатқа толы.
Музей экспозициясына қойылған қолжазба дәптер ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертеді. Ұлы Жұлдыз Мақатаевтың естелігіне жүгінсек: «Әкем қолжазбаларын ерекше ұқыптылықпен сатайтын, әр сөзіне мән беріп, жүрегінің сүзгісінен өткізетін еді» деген екен. 1991 жылы ақынның отбасы М. Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейіне сыйға тартқан.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сұр пальтосы.
М. Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінің аса құнды жәдігерлерінің бірі-ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өзі киген "Сұр пальтосы" назарларыңызға ұсынамыз. 1900 жылдан бастап Германия Демократия Республикасында Gustaf Ollenberg атындағы текстилді тігін фабрикасы маталар өндіре бастады. 1976 жылы "Gustav Ollenberg KG" Berlin фабрикасының өнімі ақын киген пальто. Өлшемі:56/IV жүн матасынан қапсырмаланып тігілген. Сұр пәлте Мұқағали ақынның тәні тиген, мынау қарапайым пәлтеде қалың жұрт үшін ерекше қымбат. Оның құндылығыда сонда.
Ақын киген сұр пәлте сырың қандай?
Айтылмаған, ашылмаған сырың бардай.
Ақын жаны қалтырап тоңған кезде,
Қуат алып, өзіңнен жылынғандай.
1976 жылы М.Макатаев атамыз киген сұр пальто. Музейге бас сұққан жұрттың көзі ақынның үстіне киген сұр пальтоға түседі. Көзі түсседе, қасына барып ойланып тұрып қалады. Осы киіммен жүрген жыр перзентінің тау тұлғасын есіне түсіреді. Әсіресе, бұл жәдігер Қарасаз жұрты үшін ерекше. Туған жерге осы пальтосымен келгенін оның замандастары сағынышпен әңгімелейді.Ақын поэзиясына бас ұрғандар үшін мұндағы заттың бәрі қасиетті. Әсіресе, кейінгі толқын жастардың ілтипаты мен қошеметінде шек жоқ. Қарапайым пальтоның құнын асырып тұрған Мұқағали мұрасының асыл нарқы екенін уақыт әлдеқашан мойындады.
Жұмыс уақыты
10:00 - 18:00
Билет құны
тегін/бесплатно
Мекенжайы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы, Әшен Дөненбаев 2