Қасбеті бейнеленген мүсін. Басы алға еңкейген. Шаштары артқа қайырылған және орамалмен жабылған. Беті сүйір, қабақ үсті доғалары тік сызық, жүйесіз. Көз қарашығы миндаль пішінді және аздап жұмулы қалпында бедерленген. Қыр мұрынды, иегі сопақша. Мойны қысқа. Иығы көлбеу. Қолдары кеуде тұсында түйіскен. Шекпен немесе жағасыз кең жеңді көйлек тәрізді киімі анық бедерленіп көрсетілген. Иі жақсы қанған сазды қалыпқа нығыздау арқылы жасалған мүсін. Беткі жағында сырылған орындар сақталған. Артқы және бүйір жақтауларында пышақпен кесілген іздердің орындары сақталған.
ХІ-ХІІ ғғ.
Саз
11,3 × 3,1 × 1,9 см
Құйрық төбе қалашығы, Оңтүстік Қазақстан