Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Ғасырлар ізімен: Қазақстан тарихының бейнесі» атты халықаралық фото-көрменің ашылуы

2025 жылғы 30 қазанда Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі және Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейі ұйымдастырған «Ғасырлар ізімен: Қазақстан тарихының бейнесі» атты халықаралық фото-көрменің ашылуы өтті.

Жоба XIX-XX ғасырлардағы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын таныстыруға және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Экспозиция Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі қорындағы фотоқұжаттық материалдардан құралған. Онда ұлттық бірегейліктің қалыптасу үдерістері, жаңғыру мен мәдени трансформация кезеңдері бейнеленген. Ерекше назар дәстүрлі өмір салтын, индустрияландыру кезеңдерін және Қазақстанның музыкалық мұрасын визуализациялауға аударылған.

Көрменің жеке бөлімінде Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Дина Нұрпейісова және Кенен Әзірбаевтың қолданған музыкалық аспаптардың көшірмелері қойылды.

Көрменің ашылу салтанатында Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейінің директоры Бакашова Ж.К., Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрінің көмекшісі Секимбаев Бақытбек Шаикбекұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі директорының орынбасары Арайлы Бақытқызы, сондай-ақ екі елдің жетекші ғалымдары мен мәдени мекеме өкілдері сөз сөйледі.

Қатысушылар көрменің екі ел музейлері арасындағы нәтижелі ынтымақтастықтың көрінісі екенін атап өтіп, көрнекі деректердің тарихи жадты қалыптастыру мен Орталық Азиядағы әлеуметтік-мәдени үдерістерді зерттеудегі маңызын ерекше атап өтті.

Іс-шара қырғызстандық қазақтар қауымдастығының мүшесі, домбырашы Нұрлан Абдиралиевтің орындауымен және экспозиция бойынша шолу экскурсиясымен аяқталды.

Көрмені ғалымдар, мәдениет қызметкерлері және студенттерден құралған 1000-нан астам адам тамашалады.

Scroll to Top