Алматы қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов мырзамен ресми кездесу өткізді.
Кездесу бағдарламасы аясында қонақтар Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінің экспозицияларымен танысты. Музей қорындағы тарихи және мәдени жәдігерлерге шолу жасалып, екі ел мәдениетінің ортақ тамырлары мен өзара ынтымақтастығын айқындайтын маңызды мәдени институт ретінде музейдің рөлі аталып өтті.
Бұдан бөлек, делегация мүшелері қырғыз елі тарапынан ұйымдастырылған мәдени бағдарлама - “Жәмилә” мюзиклін тамашалады. Бұл шара қырғыз және қазақ халықтарының рухани байланысын нығайтуға, сондай-ақ халықаралық мәдени диалогты кеңейтуге бағытталған ортақ бастама.