Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

“Қазіргі заманғы музей ісінің мәселелері мен мүмкіндіктері” тақырыбында көшпелі отырыс

Бүгін Алматыда ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті “Қазіргі заманғы музей ісінің мәселелері мен мүмкіндіктері” тақырыбында көшпелі отырыс өткізді.

Жиында еліміздегі музейлердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, ғылыми-зерттеу және экспозициялық жұмыстарды дамыту, цифрландыру үдерістерін жетілдіру, сондай-ақ кадрлық әлеуетті арттыру бағыттары талқыланды.

Шара аясында комитет мүшелері ҚР Ұлттық орталық музейіне де арнайы келіп, музейдің ғылыми-зерттеу қызметімен, қор жұмысы және экспозициялық бағыттарымен танысты. Музей мамандары цифрландыру, мультимедиялық технологияларды енгізу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.

Scroll to Top