Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі

     Сырым Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейі қоғамдық негізде 2000 жылдардың басында аудан әкімшілігінің қолдауымен құрылған. 2002 жылы қоғамдық музей ретінде негізі қаланып, 2004 жылы Батыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану музейінің бөлімі болып заңды тіркелді. 

2007 жылы аудандағы ең көне ғимарат демалыс орталығының теңгерімінде тұрған көпес Таракановтың үйі Сырым Датұлына арналғанмузей ретінде жасақталған. Көпестің үйі 1867 жылы салынған қос қабатты ғимарат. Бүгінде ол Сырым Датұлы атындағы музейдің Алаш үйі залдары болып қызмет жасайды. 2012 жылы Сырым Датұлына арналған зал мәдениет үйіне көшіріліп, көпестің ғимараты Алаш залдарына айналдырылды. Себебі, 1919 - 1920 жылдары бұл үйде Алаштың Батыс бөлімшесі орналасып, ұлт зиялылары қызмет етеді. Кеңсе ғимараты болған үйде Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, Д. Күсепқалиев, А. Маметов, Б. Атшыбаев, Қ.Қосдаулетов сынды тұлғалар, 1623 жылы С. Сейфуллин тоқтаған тарихи ғимарат болып табылады. Бүгінде «Алаш үйі» Сырым Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейінің екінші тарихи ғимараты. Ол мемлекет қорғауына алынып, Қазақстанның 100 қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи нысан.

Сырым музейінде 5 зал бар:

Сырым батыр тарихы залы - мұрағат материалдары, Сырым Датұлын зерттеген тарихшылар мен оның әдебиеттегі ролін жазған жазушылар, Сырымтану бұрышы, ұрпақтары мен шежіресін қамтиды. Сонымен қатар батырдың бес қару топтамасы, Сырым датұлының балауыз мүсіні, мөрінің түпнұсқа негізіндегі көшірмесі. Сырым Датұлының жолын нұсқайтын диарама және конференция мен экспедиция материалдары қойылған.  

Қадыр Мырза Әлі және аудан мәдениеті залы - Қадыр Мырза Әлінің бұрышымен басталады. Оның жазу үстелі қойылып, машинкасы, мантиясы мен шапаны, тұтынған заттары, фотосуреттері оның өмірі мен шығармашылығын қамтиды. Сонымен қатар аудандық ақпарат саласының ардагерлері, аудандық «Сырым елі» газеті тарихы, ақын - жазушылар, Қазақ ССР нің білім беру саласының үздіктері мен алғашқы халық мұғалімдері, ауданнан шыққан ғалымдар, мәдениет саласының үздіктері, театр тарихында заттай жәдігерлермен фотосуреттер экспозицияда көрініс тапты.

Соғыс және еңбек ардагерлері мен медицина, спорт залы - Ұлы Отан соғысында Абдолла Жұмағалиевтің ерлікпен қаза тапқан сәті көрсетілген диарамамен басталады. Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлерінің заттай жәдігерлері, тұтынған құжаттары мен медальдары, киген киімдері мен әр жылдардағы жалпы фотосуреттер қойылады.Сонымен қатар ауылшаруашылық саласының үздіктері, тың игеру тарихы, аудан медицинасының 130 жылдық тарихы мен республикаға танымал ғалымдар және спорт саласының ардагерлері туралы тарихты насихаттайды.

Табиғат, археология залы - археологиялық қазба жұмыстардан табылған заттай жәдігерлер, ауданда жүргізілген экспедициялардан әкелінген олжалары қойылған. Қазақстанның киелі жерлеріне енген тізімдегі көрікті жерлер бөлек қашықтық форматта ілінсе, ауданның қызыл кітапқа енген өсімдіктері, флорасы мен фаунасын қамтитын жиырмадан астам аң құстардың тұлыптары қойылған.

Этнография залы - ұлттық киімдер мен ХХ ғасырға дейінгі көне күмістер, ыдыс - аяқтар топтасы қойылды. Төрден қазақтың алты қанатты киіз үйі тігілген. Іші толықтай ұлттық жабдықтармен жабдықталған. Сүйек керует, адалбақан, сандықтар, дөңгелек жер үстел, көрпе, көпшіктер, ыдыс аяқтар, жастықағаш, асадал секілді жиһаздық тұрмыстық бұйымдар ұлттық этногафиядан сыр шертеді.

Сонымен қатармузей негізін қалаған өлкетанушы, ардагер ұстаз Марат Сақыпұлы атындағы оқу-ағарту залы ашылып, көпшілікке қызмет етуде.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 500 тг.
Веб-сайт www.olke.kz
Мекенжайы БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Алашорда көшесі 21
Scroll to Top