Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Исатай аудандық бөлімі

Исатай Тайманұлының туғанына 200 жыл толуына орай 1991 жылы аудан орталығы Аққыстау ауылында бой көтерген Исатай Тайманұлы музейінде бүгінде тарихи құнды жәдігерлер көптеп сақталған. 

Музейдің жалпы аумағы - 447 шаршы метрді құрайды. Музей қорында 5 192 сақтау бірлігі тіркелген. 

Исатай Тайманұлы музейінің негізгі миссиясы - Исатай ауданының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу, насихаттау және өскелең ұрпаққа таныстыру. Музей бөлімшесі жергілікті тұрғындар мен келушілерге ауданның бай тарихын, этнографиясын, археологиясын, табиғи ерекшеліктерін таныстыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталған мәдени-ағартушылық қызмет атқарады. 

Музейдегі экспозициялар бірнеше тақырыптық бағытта топтастырылған.   

1. «Өлке тарихы» залы - Бөкей ордасының құрылу тарихы мен картасы, Жәңгір хан туралы мәліметтер мен фото деректер, Мақаш Бекмұхамбетовтың өмір жолы, Исатай мен Махамбет жайында білгісі келушілерге тың құндылықтардың дені осы музейден табылады. Бұл залда ел тарихында із қалдырған, әсірес олардың мазарларының суреттері, батырлар, ақын-жазушылар жайлы материалдар жинақталған. Мысалы, Бөкей хан, Жәңгір хан, Мақаш Бекмұхамедов, М.Өтемісұлы мен И.Тайманұлыны арналған экспозиялық көрмесі,құжаттар мен суреттер, альбом, айбалта, қамшы, семсер, шоқпар, күрзі, садақ жебесімен қойылған.

2. «Аудан тарихы» залы - Исатай ауданының құрылу тарихы, аудан еңбекшілері мал шаруашылығын дамытуда жеткен жетістіктері үшін бір топ ардагерлеріміз КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің қызыл туын үш мәрте жеңіп алып, мәңгі ескерткішке сақтап қалды. Кешегі Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің ерліктері баян етілсе, «Өнер қонған ел едік» бөлімінде Аққыстау халық театры жайында көп нәрсемен танысуға болады. Сондай ақ кезінде Құрманғазы оркестрін құруға ат салысқан ұлы күйшінің шәкірті Меңдіғали Сүлейменов және оның баласы Хисмет Меңдіғалиевтің еңбектері дәріптеледі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, мәдениет және спорт, мұнай, денсаулық әр кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалы, белгілі тұлғалардың өмір жолы мен еңбегі көрсетілген.

3. «Аудан ардақтылары» залы - Аудан халқы осы киелі топырақта туса да алты алаштың ардақтысы атанған, респуликаға танымал зиялы қауым өкілдерін мақтаныш етеміз. Олар Исатай ауданының ғалым, профессор, докторлары Ихданов Жамел, Рахметов Қияседен, Нұржанов Хамит, Беркалиев Жанай, Әбілқасымов Бабаш, Есмұханов Жанұзақ, Қаженбаев Сырым, Мырзағалиев Ғибадолла, Мырзағалиев Ғинят, Сәбекенов Салахидендердің фотолары, құжаттары, кітаптары және тұтынған заттарын көре алады.

4. «Этнография, өлке табиғаты археологиясы» залы - Этнография бөліміндегі жәдігерлер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына, олардың ғасырлары бойы тұтынған бұйымдары тарихтан сыр шертеді. Музей қорында жинақталған дәстүрлі өнер коллекцияларының ішіндегі қайталанбас туындыларының бірі-зергерлік бұйымдар болса, қазақтың киіз үйінде қолданылатын ағаш жастық, кебеже, үлдірік, диірмен, келі тағы басқаларда жеткілікті көрінеді келушілерге. Музейге келушілерді қызықтыратын тағы бір залымыз өлке табиғаты мен археологиялық қазба байлықтарға арналған. Табиғат адам баласының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, бар байлықтың ырысы, қазынасы. Бұл залда біздің жерімізде мекен ететін әр алуан құстардың сонымен қатар қарсақ, жаннат секілді жабайы жануарлардың тұлыптарын, бұғының мүйіздерін көре аласыздар. Археологиялық қазба байлықтарынан Жасқайрат тұрағынан табылған қыш ыдыстарда музей жәдігерлерімен толығып тұр.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:30
Билет құны 300 тг.
Веб-сайт atyrau-museum.kz
Мекенжайы Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан 1
Scroll to Top