Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Әбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясы

«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекетік мекемесі «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Әбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясы» Панфилов аудандық филиалы
Музейдің толық және дұрыс аталуы. «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекетік мекемесі «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Әбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясы» Панфилов аудандық филиалы. 
Музейдің бағыты мен бейінін ашып түсіндіру. Кәсіпорын қызметінің мәні өнердің мәдени саясатын жүзеге асыру, қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес галерея қорларының толық есебін жүргізу, қорларды арнайы жабдықталған қоймаларға орналастыру, жұмыстардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары, каталогтарға мемлекттік тапсырыс бойынша тапсырмаларды орындау және т.б. 
Кәсіпорын қызметінің мақсаты галереяда және галереядан тыс ақылы негізде өнер көрмелерін, шеберлік сабақтарын, лекцияларды, ғылыми оқу және тәрбие жұмыстарын жүргізуге негіз болатын стационарлық және көшпелі өнер көрмелерін ұйымдастыру және өткізу, еліміздің және шетелдің өнер мұражайларынан көрмелермен алмасу, сондай-ақ қорлар жасау, бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын зерделеу және сақтау. Қазақстанның бейнелеу және қолданбалы өнері, әлем өнері туралы білімдерді халық арасында насихаттау. Идеялық-эстетикалық тәрбие беру.
Музейдің құрылу тарихы. «Әбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясы » Панфилов аудандық филиалы, 2004 жылғы Қазақстан Республикасының халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойына байланысты Алматы облысы әкімдігінің 30 шілдедегі №127 қаулысына сай, тұлғаның туған өлкесі Панфилов ауданы, Жаркент қаласында ұйымдастырылды және Жаркент қалалық, Юлдашев көшесі №9 мекен-жайдағы 1884 жылғы ағаш бөренелерінен шабылып салынған сәулеттік тарихи ескі ғимаратты күрделі жөндеп, қайта жарақтау арқылы орналастырылды. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 8 маусымдағы №887 жарлығымен Жетісу облысы құрылды. 
Жетісу облысы әкімінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 21 қаулысы негізінде «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесі, «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Әбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясы» Панфилов аудандық филиалы болып қайта құрылды.
Музейдің экспозиция залдарының атауы мен қысқаша анықтамасы. Галерея залдарында ай сайын экспозиция ауысып, көрмелер ұйымдастырылып тұрады. 
Музей қорындағы тарихымызға бағалы ең қымбат жәдігердің қысқаша анықтамасы. Шығарманың композициялық құрылымы көлденеңінен екіге бөлініп көрсетілген, 
төменгі бөлікте ашық қоңыр түспен қырман алаңы бейнеленсе, ал туындының ортаңғы бөлігінде биіктеу келген шатыры екіге бөлінген ағаштан  құралып жасалған дән кептіргіш дүңгіршек, алыста бетоннан жасалған бірнеше қабатты кнструкциялық құрылымдары орналастырылған. сол жағында ұзыннан созылған шиферлік жаппа астында жатқан сарғайған жүгері дәндері көрсетілген. Оң жағында да қырманға тән  шиферлік жаппа салынған. Тіреуіші бар электр бағанасын картинананың сол жағына орналастыру арқылы тепе-теңдікке қол жеткізгені анық. Автор реңі ашық қоңыр, ұстамды бояу түстерді пайдалана отырып,  уақыттың тал түстен ауғандығын ғимараттардың көлеңкелерінен байқатады. Автордың су бояумен орындалуы ерекше шығармасы, галереяның қорындағы қайталанбас түпнұсқалығымен баға жетпес туындысы болып табылады. Картинаның өлшемі - 32х49см.
Шығарманың композициялық құрылымы көлденеңінен екіге бөлініп орналастырылған, жоғарғы бөлікте ашық көгілдір ақ бұлттармен көмкерілген аспан кеңестігі, төменгі бөлікте  колхоздың сиыр фермасының сол заманғы шаруашылық тыныс тіршілігі бейнеленген. Ұжымдық мал шаруашылығындағы ірі қара малдарының өріске шығар алдындағы мән-жайы. Картинаның оң жағынан басталып ұзыннан орналастырылған, әктелген, шифермен шатырланған, дуалмен қоршалған малдың екі қорасы картинаның негізгі бөлігін құрайды. Ал соңғы  перспективадағы жасыл желек ағаштардың арасынан екі қабатты ақ түсті  тұрғын үй ғимараты байқалады. Бұл шығармадағы бояу түстерінің үйлесімділігі мен іс-қимылдардың шынайылығы шеберліктің жоғарғы деңгейін көрсеткендей. Автордың су бояумен орындалуы ерекше шығармасы, галереяның қорындағы қайталанбас түпнұсқалығымен баға жетпес туынды болып табылады. Картинаның өлшемі -29,5х58см.
Музейдің жұмыс жасау кестесі
Дүйсенбі - сенбі 09:00 - 18:00, түскі үзіліс - 13:00 - 14:00, жексенбі - демалыс.  
Музейді тамашалау тегін не ақысын көрсету
Мектеп оушылыры - 300тг., зейнеткерлер мен студенттер - 400тг., ересектер - 500тг.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 500 тг.
Мекенжайы Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Юлдашев көшесі 9
Scroll to Top