Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Көркемөнер галереясы


 Музей қызметінің мәні өнердің мәдени саясатын жүзеге асыру, қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес галерея қорларының толық есебін жүргізу, қорларды арнайы жабдықталған қоймаларға орналастыру, жұмыстардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары, каталогтарға мемлекттік тапсырыс бойынша тапсырмаларды орындау және т.б. 
Музей қызметінің мақсаты галереяда және галереядан тыс ақылы негізде өнер көрмелерін, шеберлік сабақтарын, лекцияларды, ғылыми оқу және тәрбие жұмыстарын жүргізуге негіз болатын стационарлық және көшпелі өнер көрмелерін ұйымдастыру және өткізу, еліміздің және шетелдің өнер мұражайларынан көрмелермен алмасу, сондай-ақ қорлар жасау, бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын зерделеу және сақтау. Қазақстанның бейнелеу және қолданбалы өнері, әлем өнері туралы білімдерді халық арасында насихаттау. Идеялық-эстетикалық тәрбие беру.
Музейдің құрылу тарихы. 1950 жылдары  салынған ғимарат Алматы облысы әкімінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 10-275 шешімі және Талдықорған қаласы әкімінің 2003 жылғы 04 мамыр № 10-175 бұйрығы бойынша күрделі жөндеуден өткізіліп, «Көркемөнер галереясы» негізінде құрылды.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 8 маусымдағы №887 жарлығымен Жетісу облысы құрылды. 
Жетісу облысы әкімінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 21 қаулысы негізінде «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесі, «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Музейдің экспозиция залдарының атауы мен қысқаша анықтамасы. Галерея залдарында ай сайын экспозиция ауысып, көрмелер ұйымдастырылып тұрады. 
Музей қорындағы тарихымызға бағалы ең қымбат жәдігердің қысқаша анықтамасы. Әбілхан Қастеевтің «Нұрғазы Тұрғанбаев бейнесі» атты туындысы. Ә.Қастеевтің өгей бауыры. Бұл портрет 1949 жылы су бояу техникасымен салынған. Шығармада кейіпкердің ішкі болмысы, сабырлы мінезі мен өмірлік тәжірибесі нәзік әрі дәл бейнеленген. Суретшінің шеберлігі портреттің қарапайымдылығы мен шынайылығынан айқын көрінеді. Портреттің өлшемі  - 36,4 × 30,5 см.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 500 тг.
Мекенжайы Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 27 а
Scroll to Top