Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейі
Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейі - 1978 жылы Сарысу ауданының құрылғанына 50 жыл толу қарсаңында ашылған болатын. Алғашқы рет бұрынғы аудандық партия комитетінің үйінде құрылды.
Музейге 1992 жылы Сарысу ауданына еңбегі сіңген азамат, еңбек ардагері Төкен Мақашевтің есімі берілді.
Музей 1989 жылы қазіргі Саудакент ауылындағы Т.Рысқұлов көшесіндегі № 2 ғимаратқа көшірілген. Музейдің жалпы аумағы - 327,5 шаршы метрді құрайды.
Бүгінгі күні Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Археология», «Ықылас Дүкенұлы», «Табиғат», «Ұлы Отан соғысынынан кейінгі кезең», «Этнография», «Мәдени ағарту және өнер» залдары халыққа қызмет көрсетуде.
Музей - ауданның тарихи, этнографиялық және мәдени мұрасын жинақтап, сақтап, таныстыруға бағытталған. Музей аудан тұрғындарына және келушілерге арналған іс-шаралар өткізеді.
Музей - бұл уақытты тоқтататын, өткенді бүгінмен байланыстыратын және болашаққа шабыт беретін орын. Әрбір экспонаттың өз сыры бар. Біздің міндетіміз - сол сырды келушілердің жүрегіне жеткізу. Музей жұмысы - мәдениетіміздің жадын сақтап, оны жаңа ұрпақтарға аманаттау. Біз тек жәдігерлерді көрсетіп қана қоймаймыз, біз - тарихқа саяхаттың есігін ашамыз. Музей қызметкері - тарихтың аудармашысы, өнердің жанашыры және білімнің жаршысы. Біздің еңбегіміздің құны - әрбір келушінің көзіндегі таңданыс пен жаңалыққа деген құштарлықта. Музей - бұл біздің рухани байлығымыздың қазынасы, ал біз - сол қазынаның қорғаушыларымыз.