Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі

Меркі музейі - ежелгі тарихтың құнды мұраларын сақтайтын мәдени орталық. Меркі музейі 1987 жылы жаңа екі қабатты ғимаратқа көшкен. Музейдің жалпы аумағы 844 шаршы метрді құрайды. Музей Ә. Марғұлан атындағы археология институтымен бірлесіп, Меркі ауданының ежелгі тарихи ескерткіштері түсірілген картаны әзірледі.

Қазіргі уақытта музейдегі барлық экспонаттар алты залға бөлінген: «Археология», «Туған өлкенің табиғаты», «Этнография», «Ұжымдастыру және Ұлы Отан соғысы», «Кеңес үкіметі кезеңі», және «Тәуелсіз Қазақстан». Музейде жалпы саны 13 мыңнан астам экспонат сақталған. Олардың ішінде ежелгі уақыттардан бері сақталып келе жатқан адамзат тарихы үшін аса құнды жәдігерлер бар.

Мұражайда ежелгі Эласмотерии тобына жататын мүйізтұмсықтың сүйегі ерекше назар аудартады. Баршаға мәлім «жалғыз мүйіз» мифологиялық бейнесі, сиқырлы әрі тұмсығында спираль тәрізді мүйізі бар ақ атты сипаттайды. Бұл жануар Еуразия аймағында плиоцен мен плейстоцен дәуірлерінде мекен еткен деп есептеледі. Elasmotherium sibiricum тобына жататын алып мүйізтұмсықтардың мүйіз ұзындығы 1,5 метрге, бойы 2,5 метрге дейін, ал салмағы 5 тоннаға дейін жеткен деген деректер бар. Бұрын бұл жануардың 200 мың жыл бұрын жойылғаны айтылса, соңғы зерттеулер нәтижесінде олардың кем дегенде 39 мың жыл бұрын қазіргі Қазақстан аумағында мекен еткені анықталды.

Меркі музейінде Орта ғасыр түркі тайпаларына тиесілі таңбалы тастар мен балбалтастар да сақталған. VII-VIII ғасырларға жататын бұл ескерткіштер Меркі тауында, 3500 метр биіктікте табылды. Балбалтастар мен ескерткіштер Меркі тауында орналасқан ежелгі түркі тайпаларының қорғандары мен мәйіттеріне тиесілі.

Музейдің тағы бір ерекше экспонаты - I-III ғасырларға тиесілі қоладан жасалған қазан. Бұл қазанның айналасына салынған оюлар музейге келушілердің қызығушылығын тудырады. Кейбіреулер оны Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тайқазанмен салыстырады.

Музейдің аса маңызды экспонаттарының бірі - 1755 жылы қалмақтарға қарсы күрескен Жауғаш Қырбасұлының ер-тоқымы мен қаруы. Сондай-ақ, 1936 жылы А. Бернштам басқарған археологиялық қазбалар барысында Меркі аумағында темір, қола және шыныдан жасалған көптеген керамикалық құрал-саймандар табылған. Меркіде табылған жарты сфера тәрізді әскери бас киімдер Орта Азия мен қазақ әскерлері арасында X-XII ғасырларда қолданылған болуы мүмкін деген деректер де бар.

Меркі музейі өзінің құнды археологиялық және тарихи жәдігерлерімен халықты таныстырып, тарихты сақтау мен зерттеуде маңызды рөл атқарады. Музейдің басты мақсаты - ұлттық тарихты зерттеу, мәдени мұраны сақтау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 500 тг.
Мекенжайы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Исмаилов көшесі 222
Scroll to Top