Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тас келі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Тас келі. Бұйымның корпусы екі көлденең бунақпен бөлінген. Бунақтардың арасындағы бөлігі шеңбер және цилиндр пішінінде. Сыртқы пішіні сәулет өнеріндегі баған капителіне ұқсас етіп жасалған. Бұйымның түбі тесілген, жиектері ұзақ уақыт пайдаланылу салдарынан мүжіліп, тозған. Пішіні мен көркемдік ерекшеліктері жағынан Шымкент облысы Балықшы елді мекенінен табылған тас келіге ұқсастығы байқалады. Аталған жәдігер «Қазақстанның көне мәдениеттерінің ізімен» атты жинақта жарияланған (Алма-Ата, 1970 ж.).
Табылған жері: Тас келі Тараз қаласы «Көк базар» аумағынан 1963 жылы кездейсоқ табылған.

Мерзімделу кезеңі: ҮІ-ҮІІІ ғғ.
Материал: Тас
Техника: Ою
Өлшемі: һ-20 см d-12 см салмағы-9 келі
Санат: Археология
Scroll to Top