Ыдыс
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жарты сфера пішінді ыдыстың дөңгелектенген бүйірі ернеуіне қарай сәл тарылған. Ернеу жиегі ішке қарай қиғашталған. Ернеуге жақын тұсты бойлай көлденең батырма жолақ жүргізілген, жолақ үстіне білік тәрізді бұдыр түсірілген. Күйік табы бар. Шолақжиде 1 қорымы, оба 55. Іле өзенінің алабы, Алматы облысы.
Мерзімделу кезеңі:
Б.з. II - III ғғ.
Техника:
Күйдіру, Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
биіктігі -10,5 см, түбі - 8,5 см, бүйірі -15,8 см, ернеуі - 13,5 см.
Санат:
Археология, Ыдыс-аяқ