Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тақия

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бас киім-Тақия Қазақ КССР-нің Еңбек сіңірген теарт әртісі болған Гүлжамал Батырғалиеваға тиесілі. Жамбылдық Гүлжамал апай жас кезінде осы тақияны киген. Тақия дөңгелек пішінді, қолдан картоннан жасалған ішкі бөлігі көк түсті матамен қапталған сырты көк түсті қыжым матамен қапталған. Бүйір бөлігінде жоғарғы және төменгі бөліктерінде екі жолақпен жылтыр мата қолданылған, ортасында бекітілген сымды түймесі бар, ойыс формадағы сырға тассыз, қызыл шыны түймесі және түрлі-түсті күміс қоңыраулармен жапсырылған тізбегі бар. Сырға сопақ пішінді, қымбат емес тасты, заманауи дөңгелек сырға. Әдемі көрініс береді.Тақияның сақталуы ішкі бөлігі тозған, жыртылған.
Табылған жері: Жамбыл қаласы. Батыргалиева Гүлжамал апайдан 40 рубльге сатып алынған.

Мерзімделу кезеңі: ХІХ-ХХ ғғ.
Материал: Барқыт, Бисер, Мата, Үкі қауырсындары
Техника: Тігу
Өлшемі: l-17.5 х 6 cм
Санат: Киім және тоқыма
Scroll to Top