Жайлауда
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исабаев Исатай Нурышевич. 1936-2007
Жазғы жайлаудағы қонысты бейнелейтін сюжеттік-тақырыптық композиция. Композиция ашық жасыл алқап пен алыстағы сарғыш-жоса түсті таулар аясында өрбиді. Ортасында киіз есігі түйілген киіз үй орналасқан. Оның алдында, қазақи ою-өрнекті шағын ақ-қара кілемде төрт ер адам кеседен шай ішіп, асықпай әңгімелесіп отыр. Оң жағында оларға табақ тартып келе жатқан әйел, ал сол жағында қос ат бейнеленген. Картинаны жоғарыдан және төменнен көмкерген түрлі-түсті өрнекті жолақтар шығармаға ұлттық нақыш береді. Ашық әрі жылы табиғи реңктердің үйлесімінен құрылған түстік шешім бұл қарапайым ауыл өмірінің көрінісіне мерекелік сипат пен мамыражай тыныштық дарытады.Оң жақ төменде - қолы мен жылы.