Әке портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исмаилова Гульфайрус Мансуровна. 1929-2013
Адамның жеке тұлғалық бейнесі жалпылама жинақтаушы мағынаға ие болған портрет. Композиция ортасында, бейтарап ашық түсті фонда - көрерменге үш ширек бұрылыста отырған сыңар аяқ орта жастағы ер адам бейнеленген. Ол бір қолымен балдаққа сүйеніп, екінші қолын тізесіне қойған. Үстіне ақ көйлек, сұр жилет пен қара шалбар киген. Жүзіндегі байсалды, тіпті ызғарлы ажар, жинақы сұлбасы мен ұстамды қалпы кейіпкердің психологиялық болмысын ашатын басты құралға айналған: ол ішкі қуатын жоғалтпаған, қадір-қасиет пен рухани беріктіктің айшықты бейнесі ретінде қабылданады. Монохромды қоңыр-сұр колорит пен жанама бөлшектердің болмауы бейненің тұтастығын арттырып, көрерменге оны ең алдымен ірі тұлға ретінде тануға мүмкіндік береді. Жеке портреттік шеңберден шығып, бұл туынды ауыр өмірлік сынақтарға қарамастан адамдық биік қасиетін сақтап қалған бүкіл бір ұрпақтың жинақтаушы көркем бейнесіне айналады.