Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Халық шебері

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Авторы: Исмаилова Гульфайрус Мансуровна. 1929-2013
Кейіпкердің ішкі дүниесі мен тұлғалық болмысы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнермен тығыз байланыста ашылатын тақырыптық портрет. Фронтальды композицияның төрінде, қанық ою-өрнекті кілемдер мен басқұрлар фонында - егде тартқан, жүзі тотыққан әйел тұлғасы бейнеленген. Тік ұсталған бойы, сабырлы да ізгі жанары, жұмсақ жымиысы және малдас құрған аяғының үстінде орныққан ұзын саусақты қолдары кейіпкердің ішкі еркіндігі мен адами қадір-қасиетін айшықтайды. Киімінің ақ түсі композициялық және мағыналық түйін ретінде тұтас туындыны көркемдік жағынан байытып, кейіпкерді сан алуан түсті декоративті ортадан даралап көрсетеді. Декордың күрделі өрнек ырғағы мен түстік дақтардың белсенді үндестігі туындыға ерекше сән-салтанат пен эмоционалды қанықтық дарытып, кейіпкердің халық көркемдік дәстүрмен ажырамас байланысын айқындай түседі.

Мерзімделу кезеңі: 1967 г.
Материал: Кенеп
Техника: Майлы бояу
Өлшемі: 192х172 см
Санат: Бейнелеу өнері
Scroll to Top