Сіңілімнің портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исмаилова Гульфайрус Мансуровна. 1929-2013
Ортада, өрнекті мата жабылған аласа пуфта отырған жас, қара шашты әйел бейнеленген камерлік портрет. Тізесінде айқасқан қолдарының бірінде қызғылт гүлі бар. Үлкен қара көзді, жарқын жүзінен ойлы жанары байқалады. Бейтарап күңгірт-сұр фонда контрастпен ерекшеленген әйел тұлғасын жеңіл қызғылт костюм еркін көмкеріп тұр. Етегіндегі төмен табуретке қойылған күңгірт вазадағы гүл шоғы композицияға ерекше поэтикалық леп береді. Жазу мәнері еркін: мұнда кең пастозды жағыстар мен детальдардың нәзік иірімдері жарасымды үйлесім тапқан. Әйелдің бүкіл болмысынан - еңкейген иығының майысқан сызығынан, жіңішке қасының иілісінен, гүл ұстаған қолының биязы қозғалысынан - ішкі жұмсақтық, терең руханилық пен қадір-қасиет сезіледі. Оның бейнесі терең поэтикалық сипатқа ие және автордың модельге деген жылы ықыласы мен ізгі сезімін жеткізеді.