Скрипка бейнеленген натюрморт
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исмаилова Гульбарам Аубакировна. 1943
Бұл сәндік композиция - бейнелердің қатаң шынайылығына емес, кескіндемелік-пластикалық мәнерлілік құралдарына негізделген жарқын натюрморт. Туындының бүкіл кеңістігі ішкі ырғақтық тепе-теңдікке бағындырылған: екінші пландағы гүл салынған биік құмыралардың тігінен созылған ырғағы шырынды, піскен жемістердің дөңгелек пішіндерімен өзара үйлеседі; ал оң жақ төменде қиғаш орналасқан кішкентай қоңыр скрипканың нәзік сұлбасы пластикалық пішіндердің байлығын арттырып, оларды толықтыра түседі. Түстік шешім қанық сары-қызыл және жасыл-күлгін ошақтық дақтар мен айқын тональді контрасттарға құрылған, соның арқасында заттар ерекше эмоционалдық тереңдікке ие болады. Композицияның біртұтастығы пішіндердің жүйелі ырғағы, мәнерлі кескіндемелік фактурасы және түстік екпіндердің нәзік үйлесімі арқылы жүзеге асқан.