Шәкен Аймановтың портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Автор: Леднев Виктор Андреевич. 1931-2005
Интерьердегі портрет реалистік мәнерде, пішіннің жалпылама мүсінделуімен әрі қанық колоритте шешілген. Креслода аяғын айқастыра отырып, көрерменге жанар тоқтатқан ер адам бейнеленген: оң қолында - көзілдірік, сол қолында - темекі; үстіне ашық түсті костюм мен қызғылт жейде киген. Сол жақ төменде қызыл раушандар салынған ваза қойылған шағын үстел орын алған, ал жоғарыда екі жақтан портреттік бейнелер түсірілген афишалар көрінеді. Колорит костюмнің ашық реңктерінің интерьердің жылы жасылдау-жосалы түстерімен және раушандардың қызыл акценттерімен үйлесіміне құрылған; композиция айқын әрі teңдестірілген.
Мерзімделу кезеңі:
1996 г.
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
197х168 см
Санат:
Бейнелеу өнері