Әке рухына тағзым
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Нуржумаев Оралбек. 1938-1996
Алдыңғы планда, тас құлпытастың жанында қайғыдан еңсесі түсіп, бүрісіп отырған әйел, ал екінші планда екі ер адам - шапанд мен бөрік киген ақсақал мен әскери киімдегі жас сарбаз бейнеленген сюжеттік композиция; олардың артында қос ат тұр. Табиғи ая қызметін атқарып тұрған жосалы төбелер жалпыланған жазықтықтармен берілген. Тұлғалар ірі де қозғалыссыз, сұлбалары айқын сызылған, ал кеңістік құрылымы шартты сипатқа ие. Жылы жосалы-қоңыр реңдердің үйлесіміне құрылған колоритті кимешектің ақ дағы, әйел киімінің күлгін реңкі және аттың қанық қызыл түсі жандандырады.
Мерзімделу кезеңі:
1967 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
128х148,5 см
Санат:
Бейнелеу өнері