Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кеген аудандық тарихи - өлкетану музей

1933-1934 жылдары Кеген райкомының бірінші хатшысы Жандосов Ораз Қиқымұлының жеке үйінде 1987 жылы тарихи-этнографиялық мұражай ашылды. 2011 жылы 25 қаңтарда Алматы облысы әкімдігінің №18 қаулысымен «Райымбек атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» болып өзгертілді. 08.06.2011 жылы № 08-89 шешіміне сәйкес жер учаскесіне меншік құқығы тарихи-өлкетану мұражайына берілді. 2014 жылдың 22 тамызында ескі мұражай ғимаратының орнында жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Экспонаттар саны - 2249.

Залдардың атауы мен сипаттамасы: Жетісу зерттеушілері өлке табиғатының залы, адам пайда болғанға дейінгі кезеңдерге арналған үлкен көрме, мамонт сүйектері, тұлыптар мен осы аймақта мекендеген құстар, ауданның көрікті жерлерімен безендірілген фотосуреттер. . Ежелгі және ортағасырлық тарих залы - көне тас дәуірі, неолит дәуірі, археолог Таймағамбетовтың үлкен экспозициясы, алтын адамның реконструкциясы, Қазақ хандығының құрылуы, батырлардың экспозициялары кіреді.

Кеңес дәуіріндегі өлке тарихы залы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларына, Қарақарын жәрмеңкесіне, мемлекет және қоғам қайраткері О.Жандосовқа, соғыс ардагерлері мен майдангерлерге арналған үлкен көрмелермен көмкерілген.

  Мұражай құрылғаннан бері келушілер саны 17 611 адамды құрайды.

Scroll to Top