Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Таулы жолдар

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Авторы: Фролова Валентина Матвеевна. 1915-1990
Биік тау жоталарының арасымен ирелеңдей аққан тау өзені бейнеленген пейзаж. Алдыңғы пландағы тау беткейімен солдан оңға қарай ат жегілген, үстіне шөп тиелген екі арба төмен түсіп келеді. Туындының колоритінде қанық жасыл, көк және күлгін реңктер жоса, қызғылт-қоңыр және қызғылт сары түстермен үйлесім тапқан. Бояулардың қанықтығы, тау бедерінің иірімді пішіндері мен бояудың кең әрі ширақ жағылған іздері көрініске қозғалыс пен серпін беріп, туындының көркемдік әсерлілігін арттырады. Сол жақ төменгі бұрышында - қолы мен жылы.

Мерзімделу кезеңі: 1976 г.
Материал: Кенеп
Техника: Майлы бояу
Өлшемі: 72х119 см
Санат: Бейнелеу өнері
Scroll to Top