Паганини
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Иткинд Исаак Яковлевич. 1871-1969
Ағаш ою техникасында орындалған ер адамның мүсіндік портреті экспрессивті шешімімен ерекшеленеді. Автор бет-әлпетін ерекше ірілендіріп, гротескілік сипатта мүсіндеген: биік маңдай, терең орналасқан үлкен ашық көздер, қырлы ұзын мұрын және жартылай ашық ауыз; екі бүйірінен төгіле түскен ұзын шаш шоқтары мен басындағы шағын дөңгелек тақия бейнені толықтырып тұр. Беттегі асимметрия, айқын көрсетілген әжімдер мен ширыққан мимикасы шығармашылық шабыттың ерекше күйін көрсетіп, музыканттың толғанысы мен бейненің драматизмін жеткізеді. Қарағаштың табиғи жарықтары, талшықтары мен жылдық сақиналары бар фактурасы жасырылмай, айрықша айқындалған. Киімнің қатпарлары мен шашы ағаштың табиғи бітімінен өсіп шыққандай әсер қалдырып, дыбыс толқындарын елестетеді.