Түскиіз
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Илакова Мариям. 1877-1946
Қабырғаға ілінетін, дәстүрлі П тәрізді пішінде орындалған кестелі тұс кілем. Кілем беті күрделі өсімдік-гүлді өрнекпен әшекейленген. Композицияның негізі иілгіш сабақтары мен ұсақ жапырақтары бар дала гүлдерінің тізбегінен құралған. Өрнек шым кесте тәсілімен орындалған. Оның арасында маржан моншақтардан тізілген бес күлтелі ірі гүлдер айрықша көзге түседі. Бір-бірімен сабақтасқан бүршіктер, ашылған гүл қауыздары мен өркендерден тұратын өрнек желісі молшылық пен өмірдің толассыздығын білдіретін дәстүрлі ұғымдармен ұштасады. Жиектің ішкі және сыртқы жолақтары да маржанмен кестеленген. Жиектің қара өрісіне біркелкі орналастырылған тас қондырмалары бар күміс пластиналар бұйымның сәнін толықтыра түседі.