Келі-келсап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Келі. Дәнді дақылдарды ұнтақтауға арналған қатты ағаштан жасалған құрал. Қатты ағаштың жуан діңінен ортасын 30-35 см тереңдікте ою, қашау және жону арқылы жасалады.
Келсап. Келіге салынған дәнді немесе түйіршікті заттарды түю арқылы уатуға арналған құрал, келінің сабы. Оның дән түйетін бас бөлігі салмақты етіп жасалады, ал ұстайтын тұсында ағаш діңінен ойылып жасалған екі қол тұтқасы болады.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ.
Материал:
Ағаш
Техника:
Тесу, оймалау
Өлшемі:
диаметр - 54 см; высота - 79 см.
Санат:
Еңбек құралдары