Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Электрофон

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Портативті күйтабақ ойнатқыш - күйтабақтарды ойнатуға арналған III дәлдік класындағы монофониялық электр ойнатқыш. КСРО-да 1967 жылдан бастап шығарылған, тасымалдауға арналған чемодан түріндегі қаптамаға жасалған. Моделі - «Концертный-3», типі - ЭФ-66. Пішіні тік төртбұрышты, жиналмалы қақпағы бар. Корпусы ашық крем және қоңыр түстерде орындалған. Ішкі бөлігінде айналмалы диск, дыбыс шығарғыш тор және инеқойғыш тетік орналасқан. Сыртқы бөлігінде тасымалдау тұтқасы бар. Берілген үлгіде иесі жапсырған сәндік жапсырмалар сақталған.

Мерзімделу кезеңі: 1966-1970 жж.
Материал: Металл, Пластмасса
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: 26х35 см.
Санат: Ғылым және технология
Scroll to Top