Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі

Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Бұл ғимарат 1899 жылы казактар мен Воронеж губерниясы мен Сібірден қоныс аударған орыс переселендерінің балаларына арналған приход мектебі ретінде салынған.

1937 жылдың қыркүйек айында осы ғимаратта қазақ орта мектебі ашылды, ал 1945 жылы қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайдың 100 жылдық мерейтойына орай мектепке Абай есімі берілді.

Музей құрылымы 8 зал мен фойеден тұрады. Фойеде қонақтарды Отанымыздың Тәуелсіздігіне арналған экспозиция қарсы алады.

«Президенттің балалық шағы», «Мектеп жылдары», «Студенттік кезең және еңбек жолының басталуы», «Н.Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» залдары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен еңбек қызметіне арналған.

Ал Қарасай өңірінің үш мыңжылдық тарихынан сыр шертетін «Археология», «Тарихи», «Қаскелең қаласы мен Қаскелең ауданының қалыптасуы», «Қарасай ауданының қазіргі даму кезеңі» атты залдар ауданның терең тарихымен таныстырады.

Музей ашылған күннен бастап келушілерге үздіксіз қызмет көрсетіп келеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл музейде үш рет болды: 2000, 2002 және соңғы рет 2015 жылдың көктемінде.

Музей қорында аудан тарихына қатысты, сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлының жастық шағы мен әлемдік тұлға ретінде қалыптасуына дейінгі кезеңді сипаттайтын 2285 бірегей фотоқұжаттар мен материалдық жәдігерлер сақталған. Олардың ішінде 1079 жәдігер негізгі қорға, ал 1206 экспонат көмекші қорға тіркелген.

Музей қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында ұжым 2015 және 2018 жылдары Алматы облысындағы музейлер арасында «Үздік музей» атағына ие болды. Ал 2021 жылы «Рухани қазына - 2021» онлайн фестивалінде музей «Облыстық (қалалық) маңызы бар үздік мемлекеттік музей» номинациясының жеңімпазы атанды.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 500 т.
Мекенжайы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қарасай Батыр көшесі 35
Scroll to Top