Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сталиннің алғыс хаты

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Алғыс хат - Н. Алдабергеновке Шяуляй қаласының солтүстік-батысындағы ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Жоғарғы Бас Қолбасшы И. В. Сталиннің атынан берілген.
Құжат тікбұрышты пішінді, қара түсті геометриялық және нүктелі өрнекті жақтаумен безендірілген. Жоғарғы сол жақ бөлігінде И. В. Сталиннің портреті орналасқан. Мәтіні орыс тілінде типографиялық әдіспен басылып, марапатталушының аты-жөні қолмен жазылған. Төменгі бөлігінде әскери бөлім командирінің қолтаңбасы бар.

Мерзімделу кезеңі: 08. 10. 1944 ж.
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Өлшемі: 12 × 18 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top