Ресми хат
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Карл Маркс атындағы колхоздың партком хатшысы Б. Аринова «Советская энциклопедия» баспасының ғылыми редакторы О.А. Малявскаяға жолдаған хатында Н. Алдабергеновтың аталған колхозда төраға қызметін атқарғанын көрсетіп, оның өмірбаяны енгізілген кітаптың 10 данасын колхозға жіберуді өтінген.
А4 форматындағы ақ параққа машинкамен басылған. Мәтін орыс тілінде жазылған, жоғарғы оң жақ бөлігінде «Советская энциклопедия» баспасының ғылыми редакторына бағытталған мекенжай көрсетілген. Негізгі мәтін ортада шегініспен орналасқан, ал төменгі жағында Карл Маркс атындағы колхоздың партком хатшысының лауазымы мен қолтаңбасы бар.
Мерзімделу кезеңі:
1968 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
20 х 21 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)