Өтініш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Хат - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Н. Алдабергеновтен Коммунистік партия Орталық Комитетінің хатшысы Яковлевке жолданған. Ресми бланкіде басылған, мәтіні машинкамен терілген. Екінші бетінде Н. Алдабергеновтің түпнұсқа қолтаңбасы бар, парақтарында 29 және 30 архивтік нөмірлері сақталған. 1956 жылғы желтоқсан. Хатта Қапал ауданында тұратын шешен ұлтының колхозшыларының Солтүстік Кавказға қоныс аудару туралы өтініші баяндалып, олардың көп жылдар бойғы адал еңбегін ескере отырып, бірінші кезекте көшірілетіндер тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастыру сұралған.
Мерзімделу кезеңі:
26. 12. 1956 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
20 х 14 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)