Ауыспалы Қызыл Ту
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ауыспалы Ту - Переходящее знамя - КСРО дәуіріндегі социалистік жарыста жоғары көрсеткіштерге жеткен ХХІІ партсъезд колхозы ұжымына берілген марапаттық ту.
Жібек тәрізді ашық қызыл-қызғылт матадан жасалып, жиегі алтын түсті шашақпен көмкерілген. Жоғарғы бөлігінде Карл Маркс пен Владимир Лениннің профильдері, ал ортасында алтын жіппен «Переходящее знамя за высокие показатели в социалистическом соревновании» деген жазу кестеленген. Ту ұжымның еңбек жетістіктерін мойындау және социалистік жарыста жоғары нәтижелерге ынталандыру мақсатында табысталған.
Мерзімделу кезеңі:
1946 ж.
Материал:
Мата
Техника:
Сырып тігу
Өлшемі:
85 х 145 см.
Санат:
Вексиллология