Мәдениет ойын-сауық орталығы
Май ауданы әкімдігінің Май ауданы мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мәдени ойын-сауық орталығы» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны жанындағы ауданның тарихи - өлкетану бағытындағы музейі.
Ауданның тарихын насихаттау, тиісті мәліметтерді жинақтау, археологиялық экспонаттарды реставрациядан өткізу. Жергілікті жерлерде көрме өткізу. Қоршаған табиғи ортаны қорғау.
Аудандық мәдениет үйінің 2-ші қабатында екі бөлмеден тұратын, 2013 жылы жеке тұлға ретінде «Тарихи өлкетану музейі» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны ретінде ашылған. 2018 жылы ықшамдалып музей Май ауданы мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мәдени ойын-сауық орталығының» құзырлығына берілді.
Музейдің экспозициясы 2 залдан құрылған. 1-ші залы ауданның тарихы. 2-ші залы-өлкенің табиғаты мен қазбайлығы.
Музейдің 1-бөлмесінде Май ауданының тарихы жайында деректер орналасқан. Осы залда ауданымыздың ашылу кезеңінен, атап айтқанда, аудан орталығын салу, сол уақыттағы кең шарлардың мәлеметтері. Ауданымызды басқарған адамдар туралы фото - материалдар ораналасқан.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ауданнан майданға аттанған және соғыстан қайтпаған түлғалар туралы материалдар.
Май ауданының тумасы, Кенес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа және Даңқ Ордендерінің иегері Қадырғалы Булдубаевқа арналған экспозициясы бар.
Тың игеру уақытында, ауданымызда болған өзгерістер туралы деректер орналасқан фото- материалдар. Ауыл шаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосқан белсенді азаматтар туралы материалдар жария етілген.
Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған бұрыш орналасқан.
Білім , мәдениет, спорт саласының дамуы ту туралы экспозиция.
Невада - Семей қозғалысының аудан бойынша атқарылған деректер орналасқан.
Ауданымыздың тумалары академик Жабайхан Әбдильдин, халық әртісі Шахан Мусин, ақын Нұрлыбек Баймуратов, күйші Байғабыл Жылқыбаев туралы дерек -бұрыштары ашылған.
Ауданымыздың сакралдық мекендері: атап айтқанда, «Ақбалық ғазірет», «Мақат қажы» кесенелері, «Қалмақ қырылған» таулары, «Қайса ата» туралы экспозиция орналасақан.
2- бөлмеде Ауданымыздың табиғаты, жанауарлары, Ертіс өзені бойындағы тамаша көріністері, қазбайлықтары, археологиялық экспонатары орналасқан.
Музейдің экспонат саны 2156 заттармен құрылған. Жезден соғылған құмыра. Құмыра XVIII ғасырда жасалған. Мүйізтұмсықтың омыртқасы, Гиппарион жануарының сирақ сүйектері.
Музейдің жұмыс кестесі: дүйсенбі -жұма күндері сағат 09.00-18.00ге дейін, демалыс күндері сенбі-жексенбі.
Музейді тамашалау тегін.
Жұмыс уақыты
10:00 - 18:00
Билет құны
тегін/бесплатно
Мекенжайы
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктобе ауылы, Абылайхан көшесі 44