Астана күніне орай Нұра ауданынан келген жастар мен оқушылар үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсия» ұйымдастырылды. Шараға музей қызметкерлері, ауданның белсенді жастары мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды жәдігерлермен танысып, Ұлттық музейдің тұрақты және уақытша экспозицияларын тамашалады. Экскурсия танымдық әрі тәрбиелік мәнге ие болды. Бұл шара жастардың отансүйгіштік рухын арттырып, елордаға деген құрмет пен мақтаныш сезімін тереңдете түсті.