Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейі

Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейі - Қазақстандағы мақта өндірумен айналысатын жалғыз өңір болып саналатын Мақтаарал ауданында орналасқан бірегей мәдени-ағартушылық мекеме. Музейдің негізгі міндеті - мақта шаруашылығының даму тарихын сақтау, зерттеу және насихаттау, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық маңызын көрсету арқылы өңірдің ауыл шаруашылығындағы тарихи рөлін айқындау.

Музейдің негізі 1944 жылы қаланды. Сол жылы «Мақтаарал» кеңшарының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы көрмесі сәтті өтіп, аудан тұрғындары өздерінің тарихи жәдігерлерін музей қорына тапсырды. Осы көрме нәтижесінде тұрақты музей ашу қажеттілігі туындап, 1973 жылы музей ресми түрде өз жұмысын бастады.

2002 жылы мекеменің атауы «Мақтаарал ауданының мақта шаруашылығы тарихы музейі» болып өзгертілді. 2005 жылдан бастап музей облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып келеді. Ал 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қарауына беріліп, «Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәртебесін алды. 2018 жылдан бастап мекеме атауы «Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып бекітілді.

Мекеме ғылыми-зерттеу, ағартушылық және мәдени іс-шаралар арқылы ауыл шаруашылығы саласының болмысын жан-жақты таныстыруды көздейді. Қазіргі уақытта музей қорында 10 500-ден астам жәдігер сақтаулы. Экспозиция залдарында мақта өндірісінің тарихи даму үдерістері, мақтадан алынатын өнімдер, мақтаны өлшеуге арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында қызмет еткен еңбек ардагерлерінің өмірбаяндық және марапаттық материалдары ұсынылған. Сонымен қатар, музейде мақта алқаптарының фотосуреттері, мақта теруге арналған «Фардзон» тракторының макеті мен бірегей тарихи құндылықтар қойылған.

Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейі - өңірдің аграрлық әлеуетін, соның ішінде мақта өндірісінің тарихи және мәдени маңызын айқындайтын маңызды мекеме ретінде еліміздің мәдени кеңістігінде елеулі орын алады.

Жұмыс уақыты 09.00-18.00
Билет құны 500 тг
Веб-сайт muzei.at.ua
Scroll to Top