Фотопортрет «Н.Алдабергенов Үндістаннан келген қонақтармен дастархан басында»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Нұрмолда Алдабергенов Үндістаннан келген қонақтармен дастархан басында».
Кездесу дәстүрлі қазақ үйінің ішінде өтіп жатыр. Қабырғада ою-өрнекті тұскиіздер мен кестеленген тұрмыстық бұйымдар ілулі тұр. Қонақтар қазақтың дәстүрлі дөңгелек үстелін (дастарқанын) айнала жайғасқан. Үстел үстінде шай ішуге арналған кеселер, тағамдар қойылған. Оң жақ шетте - белгілі тұлға, колхоз төрағасы Нұрмолда Алдабергенов отыр.
Үстел Үндістаннан келген делегаттар және жергілікті қызметкерлер бейнеленген.
Ақ-қара түсті. Жақтауы ағаштан жасалған бетінде шынысы бар.
Мерзімделу кезеңі:
1957 ж.
Материал:
Ағаш, Фотоқағаз, Шыны
Техника:
Басу
Өлшемі:
52 х 42 см.
Санат:
Фотосуреттер