Фотопортрет «Нұрмолда Алдабергенов шипажайда»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Нұрмолда Алдабергенов шипажайда». Суретте екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың шипажайда демалып жүрген сәті бейнеленген. Үстінде қара түсті костюм-шалбар, басына ақ түсті шляпа киген. Костюмінің омырауында өзіне берілген мемлекеттік наградалары мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ерінің «Орақ пен Балға» алтын медальдары анық көрінеді. Ақ-қара түсті, топтық фотосурет. Сурет ағаш жақтауға (рамаға) салынып, шынымен қапталған.
Мерзімделу кезеңі:
1962 ж.
Материал:
Ағаш, Фотоқағаз, Шыны
Техника:
Басу
Өлшемі:
52 х 42 см.
Санат:
Фотосуреттер