Хат
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ ССР Жоғарғы Сотының ресми бланкісіне басылған. Құжат машинкамен басылған және қолмен қойылған белгілері бар. Кімге: КСРО Жоғарғы Советінің Депутаты, Жолдас Алдабергеновке. Мекенжайы: Талдықорған облысы, Сталин атындағы колхоз.
Қазақ ССР Жоғарғы Соты Қаратал ауданының халық сотымен сотталған Әнуарбек Жұмабековке қатысты қылмыстық істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін алдыртқанын хабарлайды. Іс келіп түсіп, қаралғаннан кейін нәтижесі қосымша хабарланатыны айтылған. Қол қоюшы: Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары - Н. Королькова. Төменде оның өз қолымен қойған сиялы қолтаңбасы бар.
Мерзімделу кезеңі:
1958 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
20.5 х 15 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)