Фотопортрет «Н. Алдабергенов»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Фотосуретте Нұрмолда Алдабергеновтің ірі пландағы портреті бейнеленген: Еңбек Ері сол қолымен телефон трубкасын құлағына тақап, сөйлесіп отырған сәті.
Үстіне қара түсті жабық жағалы киім киген.
Паспартудың төменгі ортаңғы бөлігінде ақ қағазға басылған «Н.Алдабергенов жұмыс үстінде» деген түсініктеме жазу (этикетка) жапсырылған.
Ақ-қара түсті фотосурет. Сурет ағаш жақтауға (рамаға) салынып, шынымен қапталған.
Мерзімделу кезеңі:
1954 ж.
Материал:
Ағаш, Фотоқағаз, Шыны
Техника:
Басу
Өлшемі:
52 х 42 см.
Санат:
Фотосуреттер