Мұғалжар аудандық тарихи-өлкентану музейі
«Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейі»
Музейдің бағыты мен бейіні: Экспедицияларға шығу, музей үшін экспонаттар жинау, көрмелер, экскурсиялар ұйымдастыру, кездесулер өткізу. Әдеби және архив көздерін пайдалану, экспедициялар және т.б. жасау жолымен өлкені, оның табиғатын, тарихын, экономикасын, мәдениетін, тұрғындардың салт-дәстүрлері мен тұрмыстарын, археологиясын этнографиясын жан-жақты зерттеуді ұйымдастырады.
Музейдің құрылу тарихы: 2004 жылы 16 тамыз айында «Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейі» КММ болып құрылды. Музей ғимараты жалпы ауданы 510 шаршы метр.
Музейдің экспозиция залдарының атауы мен қысқаша анықтамасы:
1 - Табиғат залы: Мұғалжар ауданының флорасы мен фаунасынан сыр шерткен табиғат залында экспонаттар сақталған. Аудан аумағындағы киелі ескерткіштермен орман, көл, жануар т.б мәдени құндылықтармен табиғи факторлар туралы деректерді көруге арнаған элктронды тақта орнатылған.
2 - Этнография залы: Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелеген, ұлттық мәдени құндылықтар, тұрмыстық бұйымдар, киім-кешектер көрсетілген.
3-Даңқ және Еңбек залы: Аудан көлемінде қамтылған Отан соғысы, тыл ардагерлері, ауған соғысы ардагерлерінің мәліметтері мен орден медальдары және пайдаланған жеке заттары көрсетілген зал.
4 - Аудан тынысы: Мұғалжар ауданының қазба байлықтары мен ауданың дамуына үлес қосқан құрметті азаматтардың жеке заттары экспозицияға қойылған.
5 - Дін, спорт және медецина залы: Көне құран кітаптарымен спорстмендердің медаль, кубоктері және медицина құралдары қойылған.
6 - Мәдениет майталмандары: Ауданға еңбегі сіңген мәдениет майталмандарының жәдігерлері мен музыкалық аспаптар орналастырылған
«Мұнайлы, Мұғалжар» залы: «CNPC Ақтөбемұнайгаз» тарихы, басшыларының фотосуреттері және мұнай саласына қатысты макеттермен қамтылған.
Музей қорындағы тарихымызға бағалы ең қымбат жәдігердің қысқаша анықтамасы: Әлбетов Жанаберген ақсақалдың терімен қапталған домбырасы XIX ғасырдың екінші жартысынан бері ата-бабасынан келе жатқан Республикалық белгілі әртістердің сұрағанына көнбей музей қорына тапсырған. Ескендір Хасанғалиевтің Ақтөбе облысында гастрольдік сапармен жүргендегі 1969 жылы Абдуллин Сәңкібаймен алмастырып алған баяныда құнды жәдігер болып тапсырылды. 1836 жылғы жасырын түрде сақталған Құран кітабы музей қорына тапсырылды