Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Мандат №188

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Мандат №188 - Қазақстан Коммунистік партиясы Талдықорған аудандық XXIII конференциясының делегаттық мандаты.
Қызыл түсті картонға типографиялық әдіспен басылған, қолмен сиямен толтырылған. Делегат - Н. Алдабергенов, Сталин атындағы колхоздың бастауыш партия ұйымынан шешуші дауыс құқығымен сайланған.
Жоғарғы бөлігінде «Пролетарии всех стран, соединяйтесь!» ұраны, сол жақта В. И. Ленин мен И. В. Сталиннің рельефті профильдік бейнелері орналасқан. Төменгі бөлігінде ұйымның мөрі және Мандат комиссиясы төрағасының қолы бар.

Мерзімделу кезеңі: 29 желтоқсан 1954 ж.
Материал: Картон қағаз
Техника: Басу, Қолжазба
Өлшемі: 6 х 9 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top