Мандат № 4
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мандат № 4
Қазақстан Коммунистік партиясының мандаты. Тікбұрышты қызыл, мата негізді тығыз мұқабадан жасалған. Мәтіні типографиялық әдіспен және қолмен сиямен толтырылған. Құжаттың жоғарғы сол жақ бұрышында В. И. Ленин мен И. В. Сталиннің рельефті профильдік бейнелері орналасқан.
Н.Алдабергенов Талдықорған аудандық ХVІІІ партия конференциясына Сталин атындағы колхоз партия ұйымынан шешуші дауыс правосымен делегат болып сайланған.
Ұран: Жоғарғы бөлігінде «Пролетарии всех стран, соединяйтесь!» («Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!») деген кеңестік ұран жазылған. Сол жақ бұрышында В. И. Ленин мен И. В. Сталиннің бейнелері бар.
Мерзімделу кезеңі:
19. 05. 1951 ж.
Материал:
Картон қағаз, Мата
Техника:
Басу, Қолжазба
Өлшемі:
7 х 9 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)