Кимешек.
Описание
Кимешек—қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Ол ақ түсті, жеңіл матадан үшбұрыш пішінінде тігіліп, алдыңғы өңірі мен күләпарасы тұтасып, қос қабатталып дайындалған. Бет тұсына арналған ойықтың жиегі нәзік металл сыммен гүл тәрізді өрнектермен кестеленіп, оның айналасы сым мен қызыл жіп арқылы сызық тәрізді өрнекпен көмкеріле тігілген. Төменгі жиегі ақ матадан бүріліп, қызыл жіппен машина тігісі арқылы әрленген. Кимешектің арқа жағының ұзындығы—123 см, алдыңғы өңірі—84 см, бет ойығының көлемі—7×24 см.
Состояние сохранности
Без видимых повреждении