Мемлекеттік жеделхат
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
КСРО Байланыс министрлігінің ресми «Мемлекеттік жеделхаты».
Құжат Талдықорған облысы, Сталин атындағы колхоз, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі Нұрмолда Алдабергеновке жолданған.
Желелхатта Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мәжілісі 27 желтоқсанда сағат 11:00-де шақырылатыны хабарланып, мәжіліске қатысу үшін келуі өтінілген. Құжатқа Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы Төрағасының орынбасары Крюкова қол қойған.
Мерзімделу кезеңі:
20. 12. 1956 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу, Қолжазба
Өлшемі:
20 х 22,5 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)