Өтініш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновке Талдықорған облысы, Киров ауданындағы Калинин атындағы колхоз мүшесі Б. Алдамбаевтан жолданған арыз. Автор 1956 жылғы маусымда колхоз төрағасы М. Нұрпейісовтің өзін заңсыз жұмыстан шығарғанын айтып, оның қызметтік өкілетін асыра пайдалануына, колхоздағы бірқатар заңсыздықтар мен қаржылық-мүліктік сәйкессіздіктерге шағымданады. Жұмыссыз қалғанын және отбасылық жағдайының қиындағанын жеткізіп, жұмысқа қайта қабылдауға, заңсыз әрекеттерді тексеріп, құқықтарын қорғауға көмек сұрайды. 5 бет.
Мерзімделу кезеңі:
27. 05. 1957 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Қолжазба
Өлшемі:
20 х 16,5 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)