Өтініш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құжат Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтің атына Талдықорған аудандық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің депутаты П. Тюрин тарапынан жолданған. Өтініште Талдықорған аудандық атқару комитетіне (райисполком) шофёр бірлігін бөлу бойынша Қазақстан Үкіметі алдында қолдаухат білдіру сұралған, өйткені ауданның мал шаруашылығы учаскелері аудан орталығынан үш бағытта 200-300 км қашықтықта орналасқандықтан, райисполком төрағасының орынбасарына шалғайдағы мал жайылымдарына аралау үшін автокөлік пен жүргізуші жетіспейтіні айтылған. Құжаттың жоғарғы сол жақ бөлігінде қолдан жазылған бұрыштама (резолюция) мен мерзімі, ал төменгі оң жағында депутат П. Тюриннің қолтаңбасы көрсетілген.
Мерзімделу кезеңі:
07. 01. 1956 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
19 х 20 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)