Кітап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Араб графикасымен (төте жазумен) басылған, қатты мұқабалы сирек басылым.
Мұқаба қара-жасыл түсті қатты былғары.
Мұқабаның жоғарғы бөлігінде аты-жөні А. Бахарев, ортасында төртбұрышты рамка ішінде алтын түстес бояумен басылған басты атауы (Мичурин) мен астында «Табиғаттың ұлы қайта құрушысы» деген сөздер жазылған. Рамканың төменгі жағы бедерлі гүлді өрнекпен безендірілген.
Кітап белгілі орыс селекционері, биология ғылымының көрнекті өкілі И. В. Мичуриннің өмірі мен еңбегіне арналған (А. Н. Бахаревтің еңбегі). Онда табиғатты қайта құру, өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығару бойынша ғылыми зерттеулері мен тәжірибелері баяндалады.
«Правда» баспасы, 221 бет.
Мерзімделу кезеңі:
1956 г.
Материал:
Картон, Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
14 × 22 см.
Санат:
Кітап